Сарысу ауданының азаматтары қайырымдылық шарасына үлес қосуда

0 10

Белсенді нұротандықтар мен қатар Сарысу ауданынан шыққан жүрегі кең азаматтардан құрылған еріктілер де қайырымдылық шарасына үлес қосуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Олар ауданның  барлық аумағында қауіпсіздік шараларын ұстана отырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік салынған пакеттерді тегін таратып беруде.

Көмекке мұқтаж жандардың көзіндегі қуанышты көру – еңбектің жемісі деп білетін көпке қол ұшын созған азаматтардың қатарында Бегеев Сағынбек, Жылқыбаев Досбол, Әлкеев Байман, Тоғызақбаев Жеңіс, Рыспанов Ғани, Хансейтов Мейіржан, Төлепбеков Мұрат, Шайымқұлов Фархат сынды азаматтар бар. Сондай-ақ, игі шараға «Қаратау» ТКӨК, «Алтын Орда» ЖШС, «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС, «Ауданның іскер әйелдері» ұйымы да өзіндік үлес қосты.

Сондай — ақ қайырымдылық акциясы аясында барлығы 7 млн. 684 мың теңгеге 535 отбасына жәрдем көрсетілді. Сонымен қатар, еріктілер тарапынан ауылдарда 21 тігін орны ұйымдастырылып, бүгінде 13800 бетперде таратылды. 4500-ге жуық бетперде аудандық жедел штабтың қорында тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.