Мемлекет басшысы вакцина салдырды

0
30

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді» — делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уалидің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы.

Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here