Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

0 11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер саласында бірқатар ауыс-түйіс жасады. Президент жарлығымен Рәпіл Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады  Ақорда.

Сонымен қатар Марғұлан Баймұхан енді Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін атқарады.

Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Жаңа тағайындауларға байланысты бұған дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған Қайрат Нұрпейісов қызметінен босатылды.

Ерлан Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Ол мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.