«Qazaqstan дауысы» жобасы Қазақстанның талантты орындаушыларын іздейді

0 62

Күзгі жаңа маусымнан бастап, еліміздің басты арнасы  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Qazaqstan дауысы» жобасы эфирге шығады. Осыған байланысты Ұлттық арна ел ішіндегі талантты орындаушыларға байқау жариялайды. Жобада 16 жастан бастап 59 жасқа дейінгі үміткерлер бақ сынай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуір күні «Qazaqstan дауысы» жобасының ұйымдастыру тобы Орал қаласында өткен іріктеуде батыс қазақстандықтардың арасынан вокалдық қабілетімен ерекшеленген орындаушыларды таңдап алды. Кейін, 26 және 29 сәуір күндері Ақтөбе мен Ақтау қалаларының таланттарымен танысып, өнерлерін көрді.

Ендігі іріктеулер:

— 4 мамыр, Тараз қаласында;

— 6 және 7 мамыр, Шымкент қаласында;

— 11 мамыр, Қызылорда қаласында;

— 14 және 15 мамыр, Алматы қаласында;

— 19 мамыр, Қарағанды қаласында;

— 22 мамыр, Жезқазған қаласында;

— 25 мамыр, Павлодар қаласында;

— 27 мамыр, Семей қаласында;

— 1 маусым, Қостанай қаласында;

— 3 және 4 маусым, Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

«Qazaqstan дауысы» — әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі —  қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады.

Өтінімдер qazaqstan.tv/voice сайтында 2021 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады. Байланыс телефоны: +7 776 286 8691

БАҚ қызметкерлері қосымша сұрақтар бойынша +7 702 353 3221 (Әлқожа Данагүл) телефоны арқылы байланыса алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.