Ерікті түрде екпе қабылдадым

0 1

Төрткүл дүниені жайлаған індеттен сақтану үшін отандық вакцинасының бірінші компонентін салдырдым. Еліміздің саналы азаматы ретінде таңдауым отандық вакцинаға түсті.

Төрткүл дүниені пандемия жайлаған қазіргідей уақытта оған қарсы вакцина салдыру-әрбір адамның өз денсаулығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі. Және ол қажеттіліктен туындаған шара. Бұл тұрғыда бұқара көпшілікпен тығыз араласатын және адами капиталды жасақтау жолында еңбек етіп жатқан жоғары білім беру саласы қызметкерлері індеттен сақтану шараларына бей-жай қарамауы тиіс.

Өзіңді және айналаңдағы адамдарды қорғау білу шарт! Әрине әрбір жағдайға байланысты скептиктердің пікір білдіруі заңдылық. Бірақ менің ойымша, әрбіріміз оптимистік көзқарасты жоғалтпауымыз керек. Біз оқшаулануды ұмытып, қалыпты өмірге ешқандай қауіп-қатерсіз қайта ораламыз!

Сондықтан қазірден бастап жетістіктерімізді жоғалтпау, кемістігіміздің орнын толтыру, індетті жылдам жеңу жолын таңдауымыз қажет. Оның бірден бір төте жолы — ауруға қарсы екпе салдыру!

МҰРАТ ЖҮМАҒҰЛОВ, САРЫСУ АУДАНЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.