Кофенің таңертең сергектік сыйлайтыны рас па?

0 13

Осы күнде жұмысқа барарда бір шыныаяқ кофе ішу кей қала тұрғынының әдетіне айналды. Сол кофе біздің оянуымызға расымен де әсер ете ме? Мүмкін бұл тек жарнама үшін айтылған дүние болар? Кезекті материалымызда оның пайдасы мен зияны туралы талқылап көрейік.

Оның пайдасы мен зияны туралы жыл сайын ғылыми тұжырымдар айтылады. Бірі – қант диабетінен арылтады десе, екіншілері – оба ауруына шалдықтырады дейді. Яғни, қалай болғанда да оның адам ағзасына белгілі мөлшерде әсер ететіні анық.

Кофенің суда еритін түрін таңдаймыз ба, әлде дәнін бе?

Екеуін салыстырып қарайтын болсақ, салыстырмалы түрде кофе дәндерін таңдаймыз. Себебі, ерігіш кофенің құрамында асқазан сөлін бірнеше есе артық бөлуге себеп болатын кофеин бар. Оның қышқылдығы жоғары болғандықтан, асқазанның қыжылдауына әсер етеді. Ал кофе дәндерінің құрамында кальций, калий, темір, магний, ағзаға қажетті 30 түрлі қышқыл бар.

Кофе мен денсаулық

Кофенің құрамында антиоксиданттар өте көп болғандықтан, ағзадағы жүрек қан тамырларын қорғайды. Күніне 5 шыныаяқ кофе ішетін адамның қант диабетімен және жүрек, Паркинсон ауруымен ауырып қалу мүмкіндігі төмен. Кофе күйзеліске қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. Ас қорытуды жылдамдатады.

Кофенің пайдасы

Таңертең ішкен кофе адамды қалпына келтіреді. Бір шыныаяқ кофенің 20%-ы Р дәруменінен тұрады. Және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ол, мұнымен қатар, Кофетамин, Аскафен, Новомигрофен, Пирамеин, Новоцефальгин, Цитрамон секілді дәрілердің негізгі құраушысы.

Кофенің зияны

Көп ғалымдар буын ауруымен, атеросклерозбен, гастритпен, асқазан жарасымен ауыратын адамдарға ішпеуге кеңес береді. Ол көп мөлшерде қолданылса адамның жүйкесі жұқаруы әбден мүмкін.

Шешім

Барлық адам бірдей болмайтындықтан, оны кімге қандай мөлшерде ішу керектігін жеке зерттеу барысында ғана анықтауға болады. Оның әсер ету қабілеті адамның жүйке жүйесінің беріктігіне тікелей байланысты. Оны көп мөлшерде тұтынған сайын адам тәуелді болып қалуы мүмкін. Ал тәуелді болған жағдайда адам тез шаршап, күйзелісте жүргендей күй кешеді.

Қорыта айтқанда кофе жүрекке, жүрек қан тамырларына зиянын тигізеді. Ағзадағы кальцийді ыдыратады. Ал кальций жетіспеушілігінен тіс құртылады. Сүйек сынғыш келеді.

Жоғарыда айтылған зияны мен пайдасын ескере отырып оны жүрегі ауыратын, артериялық қысымы жоғары адамдарға, жүкті әйелдерге, кішкентай балаларға ішуге болмайтынын айтқымыз келеді. Ал егер ішетін болсаңыз, күніне 1-2 шыныаяқ табиғи кофені таңдаңыз.

Ал сіз кофені қандай мөлшерде ішесіз?

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.