Копенгаген университетінің ғалымдары тәтті сусындар мен құрамында қанты көп тағамдарды жиі тұтыну ішкі мүшелер мен тіндердің басым бөлігіне қан жеткізуді нашарлататынын анықтады. Жылдар өткен сайын бұл асқынып, қан айналымы жүйесінің істен шығуына әкелуі мүмкін. Өз кезегінде мұндай ақау инсульт пен инфаркт сияқты қауіпті жағдай тудырады екен, — деп хабарлайды The Copenhagen Post.
Зерттеуге қатысқан 12 ер адамға күніне 225 грамм қан берілген. Тестілеу кезінде олар орындыққа отырып, бір аяғын көтеретін болған. Екі аптадан кейін адамдардың аяғына қанның жетуі 17 пайызға төмендегені анықталды. Мамандардың сөзінше, мұның салдарынан жүрек пен ми зардап шегеді.
Ғалымдардың айтуынша, дұрыс тамақтанатын және жейтін азығында көкөністер, жемістер мен жаңғақтар кіретін адамдарға ара-тұра жарты литр тәтті сусын ішкен зиян болмайды. Алайда қантты жиі тұтынудан қан тамырларына келетін зиян жылдам қартаюмен (бірден 65 жасқа толғанмен) тең екен. Ал оның салдарынан егде адамдар жиі шалдығатын аурулар қаупі туындайды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін адамдардың қалыпқа келуіне де екі апта уақыт кеткен.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz