Киімдегі белгілер нені білдіреді?

0 142

Әртүрлі киімдер, әсіресе қалың матадан тігілген қысқы киімдер крілесе, кейде химиялық тазартуға апармай-ақ үйден жууды жөн көреміз. Содан кейін бүлдіріп алсақ, кімге өкпелерімізді білмейміз. Сол себепті әр киімді қолданарда мына белгілердің мағынасын біліп жүргеніңіз жөн.

1. Қолмен жуу.

2. Жууға тыйым салынады.

3. Ең жоғары 30 градус температурада тек қолмен жуу, ысқыламау, сықпау.

4. Көрсетілген температурадан асырмай машинамен не қолмен жуу.

5. Қолмен не машинамен жуу. Көрсетілген температураға мұқият қараңыз. күшті механикалық өңдеуге салмаңыз.

6. Көп мөлшердегі суда шетін (деликатно) жағдайда жуу, механикалық өңдеу өте аз мөлшерде, өте төмен айналымда тез шаю.

7. Ағартатын, хлор қосып кір жууға рұқсат етіледі. Тек суық суды қолданыңыз,

8. Ағартатын (хлор) құралдар қосып жууға болмайды.

9. Үтіктеуге болады.

10. Көп дегенде 110 градус температурасында үтіктеуге болады. Нейлон, полиэстер, ацетат секілді синтетикалық талшықтарға да осы ереже сақталуы тиіс. Буды қолданбау.

11. 150 градус температурада үтіктеуге болады. Түкті, полиэстер мен жасанды жібек аралас талшықтарға ылғал мата қолданыңыз.

12. Мақта мен зығыр киімдерін 200 градуста үтіктеуге болады. Өнімді аздап ылғалдандыруға болады.

13. Тек құрғақ тазалау.

14. Кез келген ертіткішпен құрғақ тазарту.

15. Тек көмірсутекпен, хлор этиленімен, монофтортрихлорметанмен тазалау.

16. Көмірсутек пен трифтортрихлорметан қолдану арқылы ғана тазарту.

17. Көмірсутекпен, хлор этиленімен, монофтортрихлорметанмен суды белгілі мөлшерде ғана қосып тазалау.

18. Көмірсутек пен трифтортрихлорметан қолдану арқылы суды белгілі мөлшерде ғана қосу.

19. Кір жуғыш машинада сығуға, кептіруге болады.

20. Кір жуғыш машинада сығуға, кептіруге болмайды.

21. Жылы температурада кептіру.

22. Ыстық температурада кептіру.

23. Сыққаннан кейін тік кептіру.

24. Сықпай кептіру.

25. Көлденең бағытта кептіру.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.