Ең алдымен балалардың неге ұйықтамайтынын анықтайық
1. Қолайлы уақыт өтіп кеткен
Баланың ұйықтайтын дер уақыты өтіп кеткен және оның екінші тынысы ашылған. Баланың ұйқысы келмейтіндей көрінеді, бірақ шын мәнінде бала тыныштала алмай отыр деген сөз. Кешке қарай баланың ойындары да баяу болуы керек.
2. Қызықты істер тым көп
Конструктор жиналмаған, картина толық салынып бітпеген және т.б. Бала осындай аяқталмаған істері көп болғандықтан да ұйқыға жатқысы келмейді.
3. Ата-анасынан ажырағысы келмейді
Күні бойы балаңыздың қасында болмаған болсаңыз, бала кешкісін сізден айырылғысы келмейді.
Не істеу керек?
Бұның жауабы баланы ұйқыға дұрыс дайындауда, яғни, уақытын дұрыс жоспарлауда. Дайындықты қажетті уақыттан бір-бір жарым сағат бұрын бастау қажет.
Жарқырап тұрған төбедегі шамдарды сөндіріп, қоңырқай жарықты қалдырыңыз. Бұл ұйқы гармоны мелатонинді өндіруге көмектеседі. Барлық ойыншықтарды жинап, түнде киетін киімін дайындаңыз. Және баланы құшақтап, эмоционалды байланыс орнатыңыз. «Күнің қалай өтті?», «Бүгін қандай қызық болды?» деген сұрақтар қойып, баланы мамыражай күйге түсіріп, тыныштандырыңыз. Ертеңгі күннің жоспарларын талқылаңыз. Кітап оқып, ертегі айтып беріңіз. Сол кезде баланың өзі ұйқыға сұрана бастайды.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz