Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, — деп хабарлайды Gazeta.uz.
Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, — деп хабарлайды Gazeta.uz.
Сузун ауданының ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сонымен қатар, олардың ата-аналарымен «профилактикалық әңгіме» өткізді.
«Азамат Р.Х. іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері табылып, оның құжаттары Ұзын аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотқа жіберілді», — делінген комитет хабарламасында.
Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша әкімшілік іс ашылған («Ұсақ бұзақылық» 3-тен 5-ке дейін базалық есептік айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады).