Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

0 29
Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларымен, меншікті тілшілермен кездесу өткізіп, журналистердің мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Еркін Құлымбайұлы облыстың жетістіктерін насихаттауда, еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуде журналистердің еңбегі ерекше екенін атап өтті.
Ағымдағы жылы республика, облыс көлемінде аталып өтетін іс-шараларға тоқталып, ауқымды жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Кездесуде «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің бас директоры О.Дәуіт, «Ғұмыр дария» газетінің директор-бас редакторы Ж.Миллионов, республикалық «Издательский дом «Комсомольская правда» облыстағы меншікті тілшісі Г.Выборнова, «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры М.Жиенәлі және т.б сөз алып, БАҚ саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ой-пікірлері мен бөлісті.
Еркін Құлымбайұлы айтылған ұсыныс-тілектерді ескерусіз қалдырмай, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.