Құйрық май пайдалы ма, зиян ба?

0 2 051

Құйрық майды түрлі ауруға ем ретінде пай­далану – қазақтың кең тараған дәстүрлі емі. Кішкене нәрестені қырқынан шығарғанша, суға түсірген кезде денесін құйрық маймен сылай­ды. Ал, қыз ұзатып, келін түсіргенде құдалар бір-біріне құйрық- бауыр асатып жатады. Адам дүниеден өткенде жағатын қырық шырағын да құйрық майға шы­лап жасаған. Дегенмен, ғасырлар бойы дәрі ретінде де, дәрумен ретінде де қолданылып келе жатқан осы құйрық майды қолдану қазір азайған. Көптеген мамандар мен дәрігерлер, диетологтар құйрық майдың құнары жоғары екенін, асқорыту жүйесіне ауыр болатынын, сәбиге қолдануға мүлде болмайтынын жиі айтады. Кейбіреулер мал майының қандағы холесте­рин мөлшерін жоғарылатып, жүрек-қантамыр аурулары­на ұшырататынын алға тар­тып жүр. Қазірге дейін қойдың құйрық майын және емдік рөлін зерт­теп жүрген ғалымдар жоқтың қасы. Көшпелі өмір сүрген, дәріні де, дәруменді де табиғи жолмен алған көшпелі қазақ көп нәрсені біліп, дұрыс қолданған.

Құрамында қандай дәрумен бар?

Қойдың құйрық майында май қышқылдары өте көп. Атап айтқанда, лавр қышқылы 0,20%, миристік қышқыл 3,92%- 3,67%, палмит қышқылы(31,49% -24,77%, палмитол қышқылы 3 , 1 4 % – 3 , 0 1 % , м а р г а р и н қышқылы 4,32%, стеарин қышқылы 30,02%-16,51%, оле­ин қышқылы 44,43%-28,37% болады екен. Ол туралы ар­найы жазылған 2003-2005 жылдары баспадан шыққан ғалымдар Унсал энд Актас, Унсал энд Йанлик еңбектерінде айқын көрсетілген. Көріп отырғаныңыздай, ең көп үлесті, әдетте, олеин қышқылы, стеарин қышқылы, палмит қышқылы алады. Шоколадтың да негізгі құрамы – осы үш май қышқылы. Ал, ол пайдалы тағам ретінде қарастырылған. Олеин қышқылы жүрек-қантамыр ауруларының алдын алады. Жоғары температураға төзімді, тағамды қосып пісіру кезінде тұрақты, адам денсаулығына зиянды май қышқылдарына ыдырамайды. Қазірге дейін денсаулыққа кері әсері анықталмаған. Ол зәйтүн май­ында көп болады. Зәйтүн майы – калориясы өте жоғары, бір қасығы 100-ге жуық калория беретін тағам. Стеарин қышқылы – ең көп таралған май қышқылдарының бірі. Ол көптеген жануарлар мен өсімдік майларында глице­рол эфирі. Стеарин қышқылы өсімдік майына қарағанда жануарлардың майларында 30%- ға дейін көп, әдетте <5%. Басқа қаныққан май қышқылдарынан айырмашылығы – стеарин қышқылы ерлер мен әйелдердегі липопротеин холестериннің концентрациясына әсер етпейтіні. Көптеген зерттеулер оның ерлердегі тромбогендік және атерогендік қауіптің ал­дын алатынын көрсеткен. Сте­арин қышқылы адам ағзасына биологиялық тұрғыдан улы емес. Палмит қышқылы – бұл ағзаға зиянды және холестеринді жоғарылататын жалғыз қаныққан май қышқылы. Дегенмен, қойдың құйрық майында басқа зиянсыз қаныққан май қышқылдардың жалпы мөлшерінен аз екендігін ескерсек, ол адам денесіндегі холестеринді жоғарылата ал­майды. Көбінесе, сабын, май шам, косметика және басқа да өндірісте қолданылады.

Құйрық маймен денені сылауға бола ма?

Құйрық майдың құрамындағы стеарин қышқылы теріні жұмсартып, ауа өткізгіштігін тездетсе, палмит қышқылы теріні қайта қалпына келтіріп, тез түлеуіне әсер етеді. Ал, де­неге сіңген олеин қышқылы жоғары қуат береді. Құйрық май – баланың жұмсақ балғын терісін жұмсартып, қан айналы­мын реттейді. Нәресте қол-аяғын керіп созғанда, сәбидің буында­ры жазылып, денесі сымбатты болып өседі. Бұл майдың біз білетін және білмейтін емдік қасиеттері көп. Атап айтсақ, құйрық маймен бөбектің денесін сылағанда, бұл олардың дені сау, қуатты болып өсуіне ықпал еткен. «Бала сылаумен, қар қылаумен өседі» деген халық нақылының астары да осында жатыр. Қойдың құйрық майындағы басқа пай­далы қасиеттері олардың жеген шөбі мен ішкен суына және нәсіліне байланысты. Пайдалысы жағынан отты жерде жайылған қазақтың қылшық жүнді қойы, Еділбай, Шу қой тұқымдары алда тұрады.

Халық емінде қалай қолданған?

Сынаптың жарты бидайға тең келетін тамшысын екі үлкен қасық құйрық майда ара­ластырып, әбден ерітеді. Мұны қазақтар «өлтіру» дейді. Бұл дәріні теміреткі, ешкі қотыр, күйдіргі, күбірткі және тағы басқа қотырлардың түрін ем­деу үшін пайдаланған.

Сондай- ақ, құйрық майды емген балаға тұмау тимейді. Сондықтан, бұрындары нәрестенің аузына дәкеге орап, құйрық май салып, сорғызып қойған. Баланың тамағы ауырғанда дәрі ішіп, жөтелі басылмаған кезде құйрық майды ерітіп берген жөн. Бұл майды ерітудің екі жолы бар. Біріншіден, құйрық майды табада шыжғырып, еріткеннен кейін оны бірден пайдалануға болады. Екінші жолы да бар. Еріткеннен соң, оның үстіне су құйып, біраз қайнату керек. Сонда ол «піскен» құйрық май болады. Салқындатқан кезде май судың бетінде қалқып, қатады, соны жинап бір ыдысқа бөлек ерітеді. Оған сарымсақ қосып, біраз суыған соң, 4-5 шай қасығын балаға беру ке­рек. Келесі күні балаңыздың тамағының ауырғаны басы­лып, сырылдағаны кетеді. Құйрық майдың басты қасиеті – жұқпалы өкпе ау­руын емдеуінде. Ашытылған қымыздың ішіне құйрық май­ды, сәл ғана күшәла салып, ара­ластырады. Кейін май қымызға сіңеді де, сап-сары, қою бола­ды. Оны туберкулез, тыныс жолы ауруларын емдеу үшін ішкен. Бұл емдерді қолдану кезінде мөлшерін дұрыс жасаған маңызды.

Ал сіз құйрық майды қолданасыз ба?

Leave A Reply

Your email address will not be published.