«300 мың долларға салынған қабірлер бар»: Зират салудың тәртібін бекіту керек пе?

0 34

Бұл мәселені «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Саят Серікұлы көтеріп отыр. Оның айтуынша елорда маңында құны 40-50 миллион болатын қабірлер бар.

Бұл жағдай елде жерлеу мәдениеті мен ережесінің жоқтығынан орын алып отыр. Қабірді тіпті мрамор мен граниттен салатындар да бар екен.

» Қайтыс болған кісіге бағалы тастың еш пайдасы жоқ. Бұл тек бәсеке мен мақтан ғана. Бағасы 250-300 мың долларға дейін баратын қабірлер бар. Астананың маңайында құны 40-50 млн теңге болатын қабірлер көп. Бұл бірінші кезекте үлкен ысырап. Одан да бұл қаражатқа кедейлердің баспана мәселесін шешуге болады. Осы жақсылықтың сауабы қайтқан кісіге тиеді. Шариғатта марқұмның атынан жақсылық жасау құптарлық іс екенін айта кеткім келеді», – деді наиб имам. Осындай ысыраптың тағы бір түрі — жерлеуге арналған жер көлемі. “Біздегі проблеманың бірі — адам жерлеуге арналған орындар тапшы. Өйткені, әркім өз білгенінше зират салып жатыр. Біреуі 5 метр жер алса, енді бірі 50 метр жер алды. Зират салатын орынды әкімшілік белгілейді. Ондай орындар 5-6 жылдың ішінде толып қалады. Егер зиратта ірі құрылыс жүрмегенде, жерлейтін орындардың жартысы бос болар еді», – дейді Саят Серікұлы. Наиб имам сондықтан да зират салудың жалпыға ортақ ережесін қабылдаған дұрыс деп есептейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.