Қыз ұзатуды ажырасқан әншіге тапсыру дұрыс па?

0 524

Қыз ұзату — қазақтың үлгі мен өнегеге толы әдемі дәстүрі. Алайда, заманның ыңғайына қарай осы дәстүрдің де көрер көз, естір құлаққа томпақ тұстары көбейіп кетті.

Ата-ана үшін де, ұзатылар қыз үшін де бұл күн ерекше қуаныш, үлкен жауапкершілік екені даусыз. Алайда, қызды құтты орнына қондыру барысында артылар салмағы мен жөн-жоралғыларды бұрмалау көп орын алуда.
Кез-келген әншіге қыз ұзаттыру сәнге айналып бара жатыр. Өкінішке орай, оның өмір жолы, әулетіндегі абырой, беделі, жанұясындағы жарасымдылығына емес, әлеуметтік желідегі оқырманына, танымалдылығына қарап қана көпшілік қыз ұзатуды әншілерге сеніп тапсырып жатыр. Өсіп-өнген, ұл-қызына, әулетіне үлгі болып жүрген жеңгелердің орынын кейде ер азамат әншілер де басып жүргені — дәстүрден алыстап кеткеніміздің көрінісі, — дейді төрт қыз ұзатып, екі келін түсірген, алтын алқалы ана Жақсыгүл Қалдыбекқызы.
–    Қыз ұзататын, тұсау кесетін адамның өмір жолы дұрыс, үлгілі- өнегелі болуы керек. Бұл салттардың әу бастағы ниеті де сол ғой. Ырым етіп, ұзаттырады. Ажырасқан, күйеуі қайтыс болған, баласы жоқ адамдарға қызыңды ұзатуға рұқсат беру — өте қате тірлік деп айтар едім. Қазақ «жолын берсін» деп ұзатар жеңгені таңдауға қатты мән берген. Сондықтан, үлкендер жағы қыз ұзату, тұсау кесу, ауызға түкірту кезінде ол адамның танымалдыңына емес, өмір жолына мән берсе екен деймін. Мейлі ол танымал әнші болсын, оқырманы көп болсын, отбасы жағдайы жараспаған болса, мұндай салмағы ауыр жауапкершілікті жүктемегеніңіз дұрыс. Әнін салсын да, жүре берсін. Ал ақшасына қызығып, қыз ұзатып жүрген еркектердің мақсатын мүлде түсінбеймін , — дейді Жақсыгүл Қалдыбекқызы.
Күні кеше әлеуметтік желіге қыз ұзатып жүрген видеосын жүктеген Алтынай Жорабаева оқырманның сынына қалды. «Қазақтың тойы бітпесін! Жастар бақытты болсын» деп жазба қалдырған Алтынай Жорабаеваның бұл посты кейбір оқырмандарының наразылығын тудырды Олар екі рет тұрмыс құрған әншінің қыз ұзатқанына қарсылық танытып: «бірнеше күйеуге шыққан әйелді ұзатуға араластыру қызға обал болмай ма? деп жазған.
Оқырманының дәл осындай кереғар пікірі Жорабаеваға жақпай қалса керек, әнші де жауап берді.»Өзіңіздің ұрпағыңыздың болашағына сенімдісіз бе?
— деп жазды Алтынай Жорабаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.