Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс аптасына ауысқанда 10 сағат жұмыс істейтін болады

0 42

Төрт күндік жұмыс аптасына ауысқанда жұмыс күнінің ұзақтығы артады. Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы туралы норма 2015 жылдан бастап бар. Алайда жақында министрлікке төрт және бес күндік жұмыс апталарының ауысуын заңнамалық түрде бекіту туралы өтініштер түскен.

Жұмыс аптасының міндетті ұзақтығы 40 сағат болады. Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтардың жекелеген санаттарына норма 36 сағат.

«Төрт күндік жұмыс аптасына сәйкес, қалған жұмыс сағаттары төрт күнге қосылады, яғни 8 сағаттың орнына 10 сағат жұмыс істейтін болады», — деді ол.

Төрт күндік және бес күндік аптасында бірыңғай демалыс жексенбі болады. Қалған демалыс күндерін кез келген басқа күндерге белгілеуге болады. Министрлік өкілінің айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасы демалыс пен мереке күндеріне әсер етпейді.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.