Тәбетті оятып, семіртетін 5 тағам

0 21

Семіру үшін тамақты жеткілікті мөлшерде жеп қана қоймай, тәбетті оятатын және артық салмақ қостыратын тағамдарды білу маңызды. Кейбір тағамдарды жай ғана жеп қоймай, көрген сайын жегіңіз келе береді. Мұндай тағамдар әдетте тәбетті ашатын өнімдер болады.

Қышқыл және ащы

Көптеген қышқыл тағамда – алма, цитрус жемістері және ашытылған қырыққабат сияқты С дәруменіне бай. Аскорбин қышқылы өте пайдалы, бірақ есте сақтау керек: қышқылдың бәрі асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. Осыған байланысты асқазан шырыны белсендірек өндіріледі, нәтижесінде сіз тағы тағам жегіңіз келеді. Сондықтан маринадталған қияр мен қызанақ сияқты қышқыл тағамдарды негізгі тағам алдында жеген дұрыс, ал жемістерді  бір сағаттан кейін.

Соус пен дәмдеуіштер

Соус пен дәмдеуіштердің өзі өте пайдалы. Біріншіден, олар қосылған тұздың мөлшерін азайтуға көмектеседі. Екіншіден, олардың көпшілігінің қабынуға қарсы қасиеттері бар. Алайда, өкінішке қарай, олар тәбеттің жоғарылауына ықпал етеді. Бұл барлық соусқа қатысты.

Ең танымал дәмді күшейткіштердің бірі, натрий глутаматы да тәбетті ашады. Бұл тағамдық қоспа адамның тәбетін 40%-ға дейін арттырады.

Шоколад пен тәттілер

Аш қарынға шоколад жесеңіз біраз уақыт тоқтық сезімін береді. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды: біріншіден, глюкоза деңгейі күрт көтеріледі, содан кейін ол тез төмендейді. Осыдан кейін адамның қайтадан қарны аша бастайды.

Жеміс шырындары

Жеміс шырыны пайдалы сусын, ал дүкеннен алынған шырын пайдалы деп айтуға болмайды. Дегенмен, кез келген шырынның құрамында глюкоза немесе қант бар, ол да қандағы қант деңгейінің көтерілуін тудырады. Нәтижесінде мұндай сусыннан кейін сіз бұрынғыдан әлдеқайда көп жегіңіз келеді.

Сондықтан сатып алынған шырындарды мүлде ішпей, жаңа сығылған шырындарды сумен сұйылтқан дұрыс.

Ұн

Бидай ұнынан жасалған тәтті бәліш аштықты тез қанағаттандыруға көмектеседі, бірақ ол қарапайым көмірсуларға толы. Сондықтан көп ұзамай сіз қайтадан тамақтанғыңыз келеді. Айтпақшы, бұл жоғары сапалы ұннан жасалған макарон өнімдеріне де қатысты.

Дегенмен, бұл макароннан мәңгілікке бас тарту керек дегенді білдірмейді. Тек қатты бидай өнімдерін таңдап, оларды талшыққа бай көкөністермен және тауық немесе күркетауық сияқты ақуызға бай тағамдармен жеген дұрыс.

Айта кетейік, бұған дейін артық салмақтан арылу үшін нутрициолог «наннан бас тарту керек пе әлде картоптан ба?» деген сұраққа жауап берген болатын.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.