Жуынатын бөлмеге қоюға болмайтын 5 зат

0 67

Жуынатын бөлмеде ылғалдылық деңгейі әрдайым жоғары, сондықтан бұл жерге кей заттарды сақтауға болмайды. Егер бұл бөлмеде есігі жабылатын шкаф болса, ол заттарды ылғалдан сақтауға көмектеседі. Егер мұндай шкаф болмаса, мына заттарды жуынатын бөлмеге сақтамаңыз.

1. Сүлгілер мен халаттар

Жуынатын бөлмеде тек қолданып жатырған сүлгілерді ғана қалдырыңыз. Жаңа жуылған және таза сүлгілерді бұл жерге қоймаған дұрыс. Әйтпесе, бұл жерде тұрған маталарда зең пайда болуы мүмкін. Егер мұндай сүлгіні қолдансаңыз, тері және тынысы алу  проблемалары туындауы мүмкін.

2. Косметика

Жуынатын бөлмеде декоративті косметиканы сақтамаған дұрыс. Ылғал ауа косметика беттерінде бактериялардың даму қаупін арттырады. Олар теріңізге түссе, түрлі қабынуды ынталандырады.

3. Тіс щеткасы

Егер жуынатын бөлме мен дәретхана біріккен болса, унитаздың суын ағызғанда бактериялар ауамен жоғары көтеріледі. Олар тіс щеткаларына да қонуы мүмкін. Сондықтан тіс щеткаларын қапағы бар ыдысқа сақтаңыз және унитаздың суын ағызарда оның қақпағын жабыңыз.

4. Дәрілер

Кей адамдар дәрілерін жуынатын бөлмеге қояды. Алайда дәрілер бұзылмас үшін оларды құрғақ, қараңғы және салқындау жерде сақтау керек.

5. Бетке арналған маскалар

Мата маскалар мен патчилерді тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Әйтпесе, жуынатын бөлмеде температуралар өзгерісі себебінен олар өзінің тиімділігін жоғалтуы мүмкін.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.