17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Назгүл бен Құндыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр. Бұл туралы қыздардың үйіне қонаққа барған журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистің айтуынша, қыздар қазір 3 аптадан бері кешенді ем қабылдап жатыр.
«Апалы-сіңлі кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар, олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалау үшін күтуші жалдадық. Қыздар үш ай бойы емді Алматы қаласында қабылдайды», — деп жазды ол.
Сондай-ақ, Руслан Өтепбай қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz