Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

0 2

 Қазақстанның екі облысында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады Ақмола облысында 14 қаңтарда 23:30-дан бастап бұрқасынға байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 км, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Павлодар облысында 14 қаңтарда 23:50-ден бастап «Астана-Шідерті» тас жолының бір бөлігі (205-259 км, Шідерті елді мекенінен Ақмола облысының шекарасына дейін) жабылды. Еске сала кетейік, Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияландығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.