Жамбыл облысындағы ЖРВИ және тұмау ауруының жағдайы қандай

0 0

Күнделікті мониториг мәліметі бойынша Жамбыл облысында ағымдағы эпидмаусымда, яғни 2017 жылдың 1-ші қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін жіті респираторлы вирусты инфекциялармен 7 мыңнан астам адам ауырды, тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

Жіті респираторлы вирусты инфекциялардың көрсеткіші былтырғы жылдын сәйкес мезгілімен салыстырғанда аурушандық 25 пайызға төмен, көп жылдық бақылау көрсеткіштерінен 2,0 есе төмен болып тұр. Қазіргі уақытта апта сайын жіті респираторлы вирусты инфекциялардың 400-ден астам жағдайы тіркелуде.

Биылғы жылы ЖРВИ мен ауырғандардың 73,0%- 14 жасқа дейінгі балалар, 13,0%-1 жасқа дейінгі балалар құрады, жүкті әйелдер-5,0% құрады.

Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасының зерттеулерінің нәтижелері бойынша жіті респираторлы вирусты инфекциялармен ауырған науқастардан алынған материалдардан тұмау вирусы анықталмады, халық арасында тұмау емес вирустардын айналымы анықталды парагрипп вирусы, риновирус және короновирус.

Облыста ЖРВИ бойынша қазіргі уақытта эпидемиялогилық жағдай салыстырмалы түрде бірқалыпты деп есептеледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.