Қытай полициясы «ақылды көзілдірікпен» «қарулана» бастады

0 17

Қытайда Хэнань провинциясына қарасты Чжэнчжоу қаласының теміржол вокзал маңындағы аумақты қадағалайтын полиция офицерлеріне «ақылды көзілдіріктер» таратыла бастады.

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазады. Бұл көзілдіріктердің қылмыскерлерді бет-әлпетінен танитын ерекшелікке ие. Осылайша бұл әдіс қылмыскерлерді ұстауға септігін тигізуі тиіс деп санайды Қытайдың полиция қызметі. Бұндай қауіпсіздікті күшейту шаралары елдегі 16 ақпаннан басталатын Жаңа жыл мерекесіне орайластырылып отыр.

Бұл кезде әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қытайлықтар бірнеше миллиард сапар жасап, аталған мерекені туған-туыстарының жанында тойлауға асығады. Әлемдегі ең ірі миграция деп саналатын Қытайдағы Жаңа жылды тойлау және саяхаттау уақытында қылмыскерлер көбейіп, қарасы қалың халық арасына кіріп, өздерін ұстатпай кететін көрінеді.

Тестілеуден өткізу кезеңінде «ақылды көзілдірікпен» «қаруланған» патрульдік полиция іздеуде жүрген 7 адамды ұстап, бөгде адамдардың төлқұжатымен сапарлап жүрген тағы 26 адамды құрықтаған.

Бұл смарт-көзілдірікті бейжіңдік LLVision Technology компаниясы жасап шығарған. Гаджет қолдағы Android-смартфонына арнайы сым арқылы жалғанып, оффлайн мәліметтер базасындағы адамдардың беттерін салыстырады. «Бұл көзілдіріктер бейнебақылау камераларынан анағұрлым жылдам жұмыс істейді», – дейді «Ву Фэй» компаниясының басшысы. Тестілеу кезінде құрылғы іздеуде жүргендер базасындағы 10 мың адамның бетін 100 миллисекунд ішінде жекелей түрде сканерлеп таныған.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.