Метрода 3 жасар қыз пойыз астына құлап кетті (видео)

0 7

Қытайда метро пойызы стансаға жеткен кезде 3 жасар қыз платформадан құлап кетті. Шошып кеткен бала жылап жатқан уақытта жолаушылар мен станса жұмысшылары оны құтқаруға асықты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқиғадан бұрын пойыз стансада бірнеше секунд тұрған. Анасы қызының қолын жібермей ұстап тұрыпты. Алайда бүлдіршіннің қалайша ытқып шығып, платформадан құлап кеткенін аңғармай қалған. Ол бірден маңайындағыларды көмекке шақыра бастапты.

Куәгерлер түсіріп алған видео кадрларынан ересектердің бүлдіршінді пойыздың астынан алып шыққаны байқалады.

Хабарланғандай, 3 жасар қыз ауыр жарақат алмаған. Ол анасымен бірге келесі пойызға отырып кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.