Алып жыланмен алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршін жұртты шошытты (ВИДЕО)

0 1

Желіде кішкентай баланың алып жыланмен ойнап жүрген видеосы тарап кетті. Белгілі болғандай оқиға Индонезияда орын алған, деп жазды Stan.kz.

Питоннан қорықпай ойнап жүрген бала оның үстіне жатып, басынан ұстап, құшақтап алады. Бұл кезде міз бақпай жатқан жылан тоқ болған болуы мүмкін.

Өз кезегінде желі қолданушылары баланы видеоға түсіріп тұрған ересектерге қайран қалып, ұрсып тастады.

Питондар – ұзындығы 7 метрге дейін жететін жыландар. Олар улы емес. Алайда олар өз құрбандарын тұншықтырып, артынша тұтастай жұтып қояды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.