2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде темекі бағасы кезекті рет қымбаттайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің 2017 жылы 25 қыркүйектегі №587 қаулысымен фильтрлі және фильтрсіз темекінің, папиростың ең минималды бөлшектік бағасы белгіленді.
Осылайша, 2018 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 желтоқсаны арасында 20 дана фильтрлі, фильтірсіз темекі мен папиростардың бағасы 360 теңге болады. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі бағасы 20 теңгеге қымбаттап, 380 теңгені құрайды.
Қазақстанда темекі бағасы әр жарты жыл сайын 20 теңгеге қымбаттайды.