Тіс пастасының күтпеген қолданысы

0 3

Тіс пастасын тек тіс жуу үшін қолданасыз ба? Оның басқа да қолданысымен таныс болыңыздар.

— Тіс пастасы жәндіктердің шаққан, тіліп, кесіп алған жердің қабынуын басады.

— Тіс пастасы күйіп қалған жерді тыныштандырады.

— Терідегі қызарған жараларды жасырып, безеулерді кетіреді.

— Тырнақтарды жылтырлатып тазарта алады.

— Гель тіс пастасын кішкентай көлемде шашқа арналған гельдің орнына қолданса болады.

— Қолға сіңіп кеткен балық, сарымсақ, пияз иісінен арылуға көмектеседі.

— Киім мен кілемдерге сіңіп кеткен, кетпейтін дақтарды тазарта алады.

— Тым қатты кірленген аяқ киімді тазартады.

— Әктелген қабырғалардан қарындаш пен фломастер іздерін кетіреді.

— Тіс пастасы көмегімен күміс әшекей бұйымдарын жылтырлатып тазартса болады.

— Компьютер дискілерінің тырналған іздерін кетіреді.

— Балаларға арналған шөлмектерді жаман иістен тазартады.

— Күйіп қалған таба мен қазандағы дақтарды тазалайды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.