Шаршау – адамдарға үйреншікті жағдай. Шындығын айтсақ, біреулер үшін шаршау өз-өзіне мақтануға себеп. Жиі шаршауыңызға мән беретін кез келгенін қалай түсінуге болады?
Шектен тыс шаршауды әлсіздік синдромы немесе созылмалы шаршау синдромы деп атайды. Ол қандай болады? Халықаралық аурулар құжатында әлсіздік синдромы былай сипатталған: бұлшықет ауруы, бас ауруы, бас айналу, ұйқының бұзылуы, асқазанның бұзылуы секілді жағымсыздықтардың бірнешеуінің қосылуы және үнемі әлсіздік сезіну, (кез келген жүктемеге) жылдам шаршау, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі байқалады.
Шаршаудың проблемаға айналуының 10 себебі:
1. Мен күніне өте аз нәрсе ғана жасап үлгеріп жүрген сияқтымын.
2. Мен бірдеңемен айналысып отқанда, сол нәрсеге зейін қою қиын немесе тіптен, мүмкін емес.
3. Ұйықтап тұрған соң өзімді одан әрі шаршаған сезінемін.
4. Өзімді босаңсыта алмаймын.
5. Жасауым керек шаруалардан қорқамын.
6. Ұсақ-түйектерді ұмытып қала беремін немесе жұмысты нашар орындаймын.
7. Ашушаң болып бара жатырмын, шаршаған кезде күйгелектеніп кетемін.
8. Басым, бұлшықеттерім және асқазаным әдеттегіден жиі ауыратын болды.
9. Шаршап тұрсам да ұйықтап кете алмаймын, ұйықтап кетсем де түнде ояна беремін.
10. Шаруаларды жоспарлаймын да кейінге қалдырамын және аяқтамаймын (қаламағандықтан емес, шаршағандықтан).
Егер өзіңізден осы айтылған себептердің 5 немесе одан да көбін байқасаңыз және ол жағдай бір айдан аса уақытқа созылса, денсаулығыңызға мән беру керек.
Әлсіздік синдромы қалай пайда болады?
Қауіп факторлары өте көп. Ол экологиядан бастап вирустарға дейін болуы мүмкін. Солардың ішіндегі жиі кездесетін психологиялық факторларға тоқталайық.
Жұмысқа жоғары қабілетті адамның үлгісі
Балалық шағында ата-анасының бірі (немесе ата-әжесінің бірі) жұмысбасты болды және оны әрқашан үлгі етіп, «мысал» ретінде қолданатын. Отбасының барлық мүшелері сол адам секілді «жоғары» деңгейде жүру керек болды. Егер ол деңгейден түссеңіз, өзіңіздің және туысқандарыңыздың алдында «жаман» адам боласыз. Яғни, адам өзіне өте жоғары талап қояды. Бір жағынан, бұл қасиет нәтижеге жетуге көмектеседі, бірақ кері жағы да бар. Әр адамның өз мүмкіндік шегі болады, ал басқа адамның деңгейі ол үшін шынымен де мүмкін емес болуы мүмкін.
«Мен істеуім қажет» сезімінің «мен қалаймыннан» асып түсуі
Кей адамдар солай істеу «қажет» болғандықтан көп жұмыс атқарып жүре береді. «Мен қаламаймын» дегенді сыртқа айтпай, жинала берсе, «қаламаймын» сезімі «мен жасай алмаймынға» ауысады. Әрине, мұның бәрі сана-сезім деңгейінде ғана болады.
Шапшаңдықта өмір сүрудің әдетке айналуы
Бұл әдет те сондай үлгі болғандықтан немесе қазір әлеуметтік желіде барлығы әрнәрсеге үлгеріп жатқандығын көргендіктен қалыптсуы мүмкін. Адам асығыстықта қарапайым шаршаудың алғашқы белгілерін байқамайды және ағзаны қалыпқа келтіру үшін үзіліс жасамайды.
Адам демала алмаса немесе іштей өзіне демалуға тыйым салса және оған сыртқы жағдайлар (баланың дүниеге келуі, тұрғылықты орынды ауыстыру, жаңа жұмыс, міндеттердің өзгеруі және т.б) қосылса, созылмалы әлсіздікті айналып кету мүмкін емес.
Дереккөз: massaget.kz