Тойда бір асаба өз сөзін астан бастайды: — Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата- бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! — дейді. Содан той аяқталуға жақын қалған кезде асаба бір апаның екі үлкен пакетті шығарып жатқанын көреді. Сол сәтте асаба мүдірместен: -Әже, мынауыңыз не? — десе, әжесі: — Е, қарағым, бұлар соғыста пленге түскен немістер ғой, — депті. ♦♦♦ — Машина сатып алғалы өміріңде қандай өзгеріс пайда болды? — Жолдан абайлап өте бастадым. ♦♦♦ Жолаушыға лық толы автобусқа әрең мінген кемпірге ешкім орын бергісі келмейді. Сонда апа күбірлеп: — Қаламызда зиялы қауым қалмаған ба? — дейді. Арасында отырған біреу: — Әжетайым-ау, зиялы қауым автобуспен жүрмейді! — деген екен. ♦♦♦ Жұмысына жиналып жүрген күйеуі әйеліне: – Ауа-райы бұлттанайын деп тұр. Бүгін кешке боран не дауыл соғайын деп тұр-ау? – деп қалғанда, әйелі: – Егер сенделмей, көп кешікпей үйге қайтсаң, боран түгілі самал жел де тұрмайды, – деген екен. ♦♦♦ Бір күні чукча өзбек досының далада жаурап тұрғанын байқап, үйіне шақырады. Чукча өзбектен «қалай, тоңдың ба?» деп сұраса, өзбек «иә» деп жауап береді. Сөйтіп чукча тоңазытқыштан тастай суды алып, өзбекке ұсынады. Өзбек оны көріп, қатты ашуға булығады: — Чукча, мынауың не? Мені мазақ етіп тұрғаның ба? — десе, чукча: — Өзбек, есіңде ме? Мен сенің үйіңе барғанда, күн ыстықта ыстық шай бергенсің, – деген екен. ♦♦♦ Телефон қоңырауы: -Сәлеметсіз бе, сізге тоңазытқыш керек пе? -Жоқ, керек емес. -Жарайды, онда қазір алып кетеміз.
Дереккөз: massaget.kz