Қыздардың кездесуге қатысты құпиялары

0
1147

Біз бүгін қыздардың кездесуге байланысты бірнеше құпиясын ашуға ниеттеніп отырмыз. Бұл жазбадан әрбір екінші адам өзін және өз сөзін кездестіре алады деген үміттеміз. Өйткені бәрі де өмірден алынған.

Кездесуге неге келісім береді?

Алғашқы кездесу жайлы біз сіздермен талай жазбаларымыз арқылы сыр шертіп тастадық. Басқасы – басқа, қыздар үшін алғашқы кездесудің салмағы ауыр.  Қыздар тек кездескісі келген жігітіне ғана кездесуге келісім береді.

Егер ол кездесуге уәдесін берсе, демек махаббатқа алғашқы қадам бастық деп ойлай беруге болады. Өйткені кездесуге дейін қыздар сізді жан-жақты «зерттеп» үлгереді. Әлеуметтік желілердің де, ортақ әлеуметтің де түкпір-түкпірін шарлап, сіз жайлы бәрін біліп алуға тырысады. Сәтті шыққан суреттеріңізге мың қарап, құрбыларынан кеңес сұрайды.

Егер соншалықты деңгейде сұлу әрі келбетті болсаңыз көп қыздың мақтауының астында қаласыз. Ал қыздардың тілінде «онша емес, болады…» болсаңыз, бәлкім реалда сұлуырақ не сүйкімдірек, тым болмаса тартымдырақ болар деген үмітпен кездесуге асығады.

Кездесуге неге келісім бермейді? Мұның да өз себептері бар: басты себеп – сізбен қарым-қатынас орнатуға дайын емес. Демек сізді ұнатпайды немесе қандай да бір жағдаймен ұнатудан қашады.

Қыздардың сексен пайызға жуығы жігітті ұнатпағандықтан кездесуге шықпайды. Қалған жиырма пайызға жуығы түрлі себептердің кесірінен кездесуден еріксіз бас тартады. Кездесуге шақырғанды не деп түсінеді? Егер жігіт қызды бірден кездесуге шақырса, ол қызды құлай сүйіп қалды дегенді білдірмейді. Бірақ қыздардың тоқсан пайызға жуыға осы ойда болады. Негізі жігіттердің жетпіс пайызға жуығы қызды ұнатқаннан кездесуге шақыратын көрінеді. Қалған отыз пайызы саналы түрде қыздың қыр-сырын білу үшін, қарым-қатынас орнатуға тұрарлық па, жоқ па деген сұраққа жауап табу үшін, ал енді басқалары түрлі мақсатта шақырады екен. Кездесуге шыққанда жігіттің аузынан не күтеді? Қыздардың көп бөлігі жігітпен кездесуге шыққанда олардан сол күні «Мен саған ғашық боп қалдым» деген сөзді күтеді. Бүгін-ертең айтпаса «Не үшін созып жүр?

Тормоз!» деп сөге бастайды. Әйткенмен бұл сезімді жігітітің көзінен-ақ оқып қояды. Бірақ сенімдірек болу үшін аузынан естігенді дұрыс көреді. Олардың қашан сөз салып, сезімін білдіретінін қыздар іштей біліп, соған іштей дайындық жасап жүреді. Тағы бір құнды құпия – қыздардың тоқсан пайызға жуығы жігіт сөз айтып, қарым-қатынас орнатуға келісім сұраған кезде-ақ (тіпті одан да бұрын) жауаптары дап-дайын тұрады. «Бірден жауап бергені несі?» деп айтпасын деп амалсыз соза тұрады. Қыздарға жігіттің жауап күтіп жүрген кезі ұнайды. Бұл — екеуі үшін жаңа басталғалы тұрған махаббаттың ең тәтті кезі. Әйткенмен олардың жауабын күтіп шаршайтын жігіт те жоқ. Көзі ашық жігіт қыздың не деп жауап беретінін бірінші кездесуде-ақ байқап қояды. Ол да ырымын жасап, «күткендей» болып амалсыз жүреді.

Дереккөз: massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here