Сіздің риясыз күлкіңіз үшін… Сіздің шынайы бақытыңыз үшін… Сіздің шабытты ынтаңыз үшін… Шынайы сіз үшін… Сіздің биік талабыңызды жоғарыдан бағалап, өзінше саралап жүрген әрбір адамыңызға разы болып, жүрек түкпіріңізге есімін алтын әріптермен әсемдеп,сәті жеткенде қызғаншақтығыңыз бен қимастығыңыз қатар орын алатындай халге жеткізбеуге тырысыңыз…
Кей сәттерде жаныңда жүрген адамға деген көзқарасыңның басқа екендігін өзіңде байқамай қаласың. Сен үшін жәй ғана «дос» болып жүрген жанның өзге үшін қадірін біліп, ішіміздегі «меніміз» жібергісі келмей, қызғаныш қылықтарымыз арта шығып, өзімізді қоярға жер таппай дел-сал болып тығырыққа тірелеміз.Жасыратыны жоқ бұл әркімде орын алып,кей сәттерде сенікі екендігін білуге мүмкіндік беретін ұтымды құбылыс. Көз шырыныңды алып әкететін осындай өмірлік өзгерістер жиі орын алып жүрсе,жаныңызда ойланарлықтай дүниенің бар болғандығы.
Жадымыздың жақтауларына нығыздап орнатсақ та кейде «өзім» деген адамыңның өзге үшін көңілін біліп, көкірегіңізді өксік басып,ессіз қызғаншақтығыңыз орын алып,қимастық сезіміміз ойнақтайтыны тағы бар. Шынайы қажеттілік туғанда жібере білуді де үйренгейсіз. Кей сәттерде мұндай ұмтылыстар өзінше жақсы нәтиежесін көрсетерін ескеріңіз. Есті болып,ессіздің тірлігіне ұрынбас үшін ішіңізде ойнақшыған сезімдеріңізге ие бола біліңіз. Бұл түбінде жақсылыққа жетелейтін жақсы ұғым.
Дереккөз: massaget.kz