Иесінің ізінен еріп жүретін шабадан жасап шығарылды

0 5

Xiaomi компаниясы Cowarobot-пен бірлесіп алғашқы қашықтықтан басқарылатын шабаданын жасап шығарды. Жаңа гаджет иесінің артынан өздігінен ілесіп жүре алады. Бұдан бөлек құрылғы басқа да қызықты функциялармен жабдықталған.

Шабадан стандартты шабадандар сияқты 31 литр сиымдылыққа ие. Төрт дөңгелегі, тартып шығаратын тұтқасы бар. Өлшемі 555х384х200мм, салмағы 4,5 келі.  Шабадан тұтқасына камера орнатылған, иесі осы камераға бет-бейнесін сканерлеуі ләзім.

Осы арқылы гаджет иесінің ізінен еріп жүреді және арақашықтықты сақтайды.

Құрылғы дөңгелектеріндегі 4 қозғалқыш арқылы сырғиды. Ол жол белгілері мен адамдарды айналып өте алады. Шабадан 92Вт-сағаттық аккумулятормен қуатталады.  Компания өкілдерінің айтуынша, шабадан толық қуатпен 20 шақырым жерді басып өте алады.

Толық қуаттау уақыты – 5 сағат. Гаджетті мобильді бағдарлама арқылы да басқаруға болады. Оның нарықтағы бағасы – 280 доллар.

Дерекккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.