Ғалымдар кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты

0 1

Кір жуатын машиналардың үнемдеу режимін қолдану адам денсаулығына зиян. Ғалымдар зерттей келе мұндай режим антибиотиктерге қарсы тұратын зиянды бактерияларды жоймайтынын айтты.

Ғалымдардың мұндай шешімі MedicalXpress порталында жарияланған.

Бон ауруханаларының бірінің қызметкері ғалымдардан медициналық мекемедегі созылмалы эпидемияның басылмауының себебін сұраған.

 Ғалымдар кір жуатын машинаның кір жуғыш ұнтақ салатын ыдысы мен барабанның ішіндегі резиналарда пневмония (өкпе қабынуы) ауруын қоздыратын көптеген бактериялар болатынын анықтады.

Ғалымдар бұл бактериялар үнемдеу режимінде жойылмайтынын айтты. Осының кесірінен адамның ішектері зақымдалады, яғни ішектің қабынуы мен асқазанның түрлі ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

 Зерттеушілер егер үйде созылмалы жұқпалы аурумен немесе бітпейтін жарасы бар адамдар тұрса кірді үнемдеу режимінде жумау керектігін айтады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.