Сүт қосылған шай ішкенді ұнататындар түрлі ауруға шалдығады. Сол себепті сүт пен шайды бөлек ішкен дұрыс, дейді мамандар.
Ұлыбритания ғалымдары сүтті шайдың зиянын анықтады. Олар бірнеше зерттеу жүргізіп, сүт қосылған шай ас қорыту жүйесіне, асқазан-ішек жолдарының жұмысына кері әсерін тигізетінін дәлелдеді.
«Сүт пен шайды араластырып ішкенді ұнататындар асқазан-ішек жолдары ауруларына жиі шалдығады. Одан кейін нефролог мамандарға жиі қаралады. Себебі шайды сүтпен бірге ішу бүйректе тас және құмның жиналуына әкеледі», — дейді мамандар.
Сарапшылар бұны сүт өнімдерінің басқа тағамдармен сәйкес келе бермейтіндігімен түсіндіріп отыр, деп хабарлайды webinfo.kz порталы.
«Бұл жағдайда берілетін бір-ақ ұсыныс – сүт пен шайды бөлек-бөлек ішу керек», — дейді ғалымдар.
Мамандар шайды лимон қосып ішкен дұрыс екенін айтады. Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, сүт қосылған кофе сусынның зиянды әсерін азайтады. Дегенмен сүтті кофені де көп ішу зиян.
Дереккөз: sputniknews.kz