Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2019 жылғы 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Демалыс күндері ауа райын анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп, Алтайға қарай ығысуда. Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжуда, соған байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарында екпінді батыс желі мен бұрқасын күтіледі, — делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы 0°С-қа, оңтүстікте плюс 5…12°С күтіледі. Бұл орташа климаттық нормадан жоғары. Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.