«Шын айт..» деп басталған сұрақ-жауап нәтижесінде көп еркектер өз дегендерінен айырылып, ақырында сүйгендерімен ажырасып жатады. Егер әйел заты шындықты қаламай тұрса, онда ол сізден өтірік жауап күтеді деген сөз емес. Онда сен өтірік айтуға тиістісің бе? Шындықты екінші жақтан сыпайылап жеткізе алмасаңыз, өтірік айтудың еш қажеті жоқ.
Ендеше, назарларыңызға нәзік жанды сұлулардың сол бір сұрақтарын ұсынамыз.
«Оның қай жері артық?» Әйел баласының көп бөлігі ерлерді жануарға теңеп жатады. Сол себепті, кей тұстарда артық сұрақтарға барып қалады. Олардың бірі, екінші бір қызға деген өз қызғаныштары, ішкі ыза-тебіреністері, көрсоқырлықтары. Енді бұл жерде ерлердің де жазығы бар екенін айтпай кетпеске болмас…
«Мен жасаған ас саған ұнады ма?» Белгісіз бір аңыздарда еркекке бастап барар жол асқазанда деп жатады. Бұл жерде де әйел затының аспаздық өнеріне сын тағуға келмес. Олар мұны жай ғана қабылдай алмайды. Әйтпеген жағдайда дайын тамақты суға қайнатып жүретін боласыз.
«Мен сенің шешеңе ұнадым ба?
» Кез келген мелодрамалық киноларда келін мен ененің текетіресі басты орынға қойылған. Ендеше, анаңызбен қарайлас адамды мықты қарсылас қылып көрсету үшін, асыра мақтап қоя салыңыз.
«Көзіме шөп салған кезің болды ма?»
«Бір қызбен жүрген едім» деп отырмайтын боларсыз. Әділ айтқан күннің өзінде, айтылған сөзден сүйіктіңіздің жан жарасы ұлғайып, көңіліне сынық түседі. Одан гөрі айтпай-ақ қойыңыз. Айтпаған күнде басыңыз жарылып, көзіңіз шығып жатпайды.
«Бұған дейін сенде бар-жоғы қанша қыз болды?»
Әйел затының осы бір сұрақты қояр тұстағы көңіл-күйін түсініп болмас. Еркектік болмысыңызға салып, жауап беріп көріңізші.