Суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керек?

0 6

«Қате аяқ астынан» деп жатады дана халқымыз. Суға батудан ешкім сақтандырылмаған. Тәжірибелі жүзуші болса да, әуесқой да… Ендеше, суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керек?

Адамдардың суға батуының жиі кездесетін себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Мысалы: мас күйінде немесе күнге қатты қызып кетіп суға түсу, таныс емес жерде жүзу, суық суда ұзақ жүзу және т.б.

Адамның суға батып бара жатқанын қалай білеміз? Адамның суға батып бара жатқаны фильмдердегідей анық көрінбейді: олардың қол бұлғап, көмек шақыратын күші болмайды. Мына белгілер апатты анықтауға көмектеседі:

— Су өкпеге түскенде сәйкесінше жөтел ретінде рефлекс туындайды;

— Адам түйсікті әрекет етіп, барынша көбірек ауа алуға тырысады;

— Адам суға жармасып жатқандай қозғалады. Әдетте, суға батып бара жатқан адамның қолдары екі жаққа жайылып қозғалады.

Қалай әрекет ету керек?

Бастысы – адамның тыныс алу жолдары жабылып, оттегі азайғанша үлгеру. Статистика бойынша, суға батқаннан кейінгі алғашқы минутта суға батқанның 90%-ын сақтап қалу мүмкіндігі болса, 6-7 минуттан соң тек 3% -ын құтқаруға болады.

Суда әрекет ету нұсқаулығы:

— Суға батып бара жатқан адамның артынан келіңіз, әйтпесе, ол сіздің қолыңызға немесе басыңызға жармасады. Әдетте, адам үрейленіп, өз қозғалысын бақылай алмайды;

— Тыныс алуын жеңілдету үшін оның басын су бетіне шығарыңыз;

— Оның артына немесе жанына тұрып, қолтығының астынан ұстап, қол-аяғыңызды қозғап, жағаға жүзіңіз.

Жағаға шыққан соң не істеу керек?

Алдымен оның аузында құм немесе балдыр болмауын тексеріңіз. Оның тыныс алуына кедергі келтіретін барлық нәрсені алып тастаңыз. Содан соң жүрек-өкпе реанимациясын бастаңыз:

— Суға кеткен адамды өз тізеңізге ішімен жатқызыңыз: оның беті төмен қарап тұратындай басы салбырап тұруы керек.

— Ол құсу үшін тілінің түбін қатты басып жіберіңіз.

— Зақымданушыны шалқасынан жатқызып, жасанды дем беріңіз: тыныс алыңыз, аузыңызды оның аузына тақап, үлкен күшпен дем шығарыңыз. Ол кезде зақымданушының танауын қолыңызбен қысуыңыз керек.

— Егер суға батқан адамның жүрегі соқпай жатса, жүрекке жасанды массаж жасау керек: зақымданушының жүрегіне алақаныңызды бір-бірінің үстіне қиыстыра қойып, минутына 15 рет басыңыз.

Зақымданушы өз-өзіне келсе де, міндетті түрде жедел жәрдем шақыру керек. Себебі ауа жеткіліксіздігі, кеуде ауруы, жөтел, демікпе, қан аралас қақырық, тамырдың жиі соғуы секілді белгілер зақымданушыны құтқарған соң 72 сағат ішінде білінуі мүмкін.

Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.