Алаңғасарлық – XXI ғасыр адамдарының басты қиындықтарының бірі. Ойланбастан сілтемеге өту, барынша қысқа жаңалықтар, инстаграмдағы 15 секундтық «сторилер» – мұның барлығы санамыздың қабілетін ақырындатады.
Адам суреттердің тоқтаусыз ауысуына үйреніп кетеді: бір орында бірнеше сағат кітап оқитын немесе бір ретте жобаны дайындап тастайтын адамдар азаюда. Ұялы телефон қолымызға өзі «секіргендей» болады. Онымен қалай күресу керек?
1. Сіз алаңдаған нәрсенің маңыздылығы туралы ойланыңыз Әдетте, адам жайсыз (немесе қызықсыз) нәрседен құтылу үшін зейінін ауыстырғысы келеді. Анализ жасаңыз: оқып жатқан кітабыңыз қызық па? Біреумен сөйлесу кезінде ұялы телефонға қарай бергіңіз келсе, ол адам сіз үшін шынымен маңызды ма? Мүмкін, жұмысыңызды ауыстыру керек па?
2. Үзіліссіз жұмыс істей алатын уақытыңызды өлшеңіз Содан соң оны таймердің көмегімен көбейтіңіз. Ілгерілеуіңізді бақылайтын арнайы қосымшалар да бар. Олар сіз тиісті емес уақытта ұялы телефон ұстағанда оны тастауыңызды сұрайды.
3. «Кедергі жасамау» режимін қосыңыз «Кедергі жасамау» режимін қосыңыз немесе гаджетті үстелге экранын төмен қаратып қойыңыз. Үздіксіз келе беретін хабарламалар – алаңдатушы факторлардың бірі. Түбегейлі қадам ретінде авиарежимді қосуға болады: ол кезде қоңыраулар мен хаттар да алаңдатпайды.
4. Алаңдатушы сайттарды бұғаттаңыз «Ата-ана бақылауы» функциясы тек балалары бар адамдарға ғана емес, сонымен қатар үнемі алаңдай беретін ересектерге де керек. Әлеуметтік желілерді, жаңалықтар порталын, онлайн ойындарды және т.б бұғаттайтын кеңейтулерді қолданыңыз.
5. Басқа нәрсеге алаңдауға арнайы уақыт бөліңіз
Толықтай әлеуметтік желіден немесе ойындардан бас тартудың қажеті жоқ. Бастысы, кестеңізден оларға уақыт бөліп, сол режимді сақтаңыз. Мысалы, күнде таңертең жаңалық оқыңыз, ал түсте инстаграмға кіріңіз. Ал демалыс күндері бір сағатыңызды онлайн ойынға арнаңыз.
Бұл тек өнімділігіңізді арттырады: миыңыз тезірек демалыс алу үшін берілген жұмысты орындап тастауға тырысады. Барлық бос уақытыңызды әлеуметтік желіге құртпаудың тағы бір себебі – әлеуметтік желілер адамның өзін-өзі бағалауына негативті әсер етеді.