Безеуден құтылудың әдістері

0 3

Көптеген жастың мәселесі – безеуден құтылу. Бетіңіздің ажарын бұзып, саны күннен -күнге көбейіп бара жатқан безеуді емдеудің неше түрлі тәсілі бар. Біз сіздерге қиярдың көмегімен безеуді емдеудің амалдарын ұсынамыз.

1. Құрамында жұмыртқа ағы мен қияр бар маска Бетіңіз майлы болса, осы масканы таңдағаныңыз жөн. Бетіңізді тазартып, ұсақ тесіктерді тарылтып, қабынуды басады. Жұмыртқаның ағын көпіршітіп қойыңыз. Қиярды блендерден өткізіп, ұсақтаңыз, одан екі ас қасық алып, жұмыртқа ағымен араластырыңыз. Бірден бетіңізге жағып, салқындау сумен жуып тастаңыз

2. Құрамында лимон мен қияр бар маска Бір шай қасық лимон шырынын екі ас қасық ұсақталған қиярмен араластырыңыз. Бұл қоспаны безеулерге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Салқындау сумен жуып тастаңыз.

3. Қайнаған су көмегімен жасалатын маска

Ұсақталған қиярдан 2 ас қасықты жарты стақан қайнаған суға салып, қаранғы жерге 3-4 сағатқа қалдыру керек. Аталған уақыт өткен соң қиярды сүзіп алып, бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Салқындау сумен жуып тастаңыз.

Ғасырлар бойы қиярды бетті тазарту мен күтуге арналған басты құралдардың бірі ретінде санайды. Дұрыс қолданудың нәтижесі болатынына күмән жоқ.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.