Белгілі актер Мадияр Серикбаев заңға қарсы шықты

0 48

Отандық белгілі актер, «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев «Отбасындағы зорлық-зомбылық іс» атты заң жүйесіне қарсы шығуда. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде баяндады, деп жазады Zhambylnews.kz AA.

23 қыркүйек күні енгізілген заңнамада бала үшін қауіпті баптар көп, — дейді актер.

Заңға сүйенсек, Қазақстандықтарда ата-ана деген қағида жоқ, тек асыраушы. Жалпы айтқанда, бала басшы.  Егер, сіз балаға дауыс көтерер болсаңыз, балаңыз 111-ге хабарласып, ссіздің үстіңізден арыз тастай алады. Ал, мұндай жағдайда құқық қорғаушылары келіп, балаңызды алып кетеді. Және ең сорақысы, балаңызды екі жақтан, яғни, анадан да әкеден де алып қояды.

Бұл заңның басты мақсаты, мәселені шешу, отбасын татуластыру емес, ата-ана мен баланы айыру, — дейді. 

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, мәдениет саласының үздігі ретінде, жалпы әке ретінде, бұл заңға түбегеейлі қарсымын, — деп актер өз ойын ашық айтты. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.