Жамбыл облысында 71 білім беру ұйымына лицензия берілмеді

0 11

Жамбыл облысында 3 мемлекеттік, 3 жекеменшік мектепке бас лицензия берілді. Ал 18 мектеп пен 15 колледждің лицензиясы қайта рәсімделді, 6 мектепке лицензияға қосымша берілді. Лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 71 білім беру ұйымына лицензия берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Ускумбаева жыл басынан бері 5 ай ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 116 өтініш түскенін айтты. Аталған департамент осы жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстағы 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, 16 балабақшаға және 55 мектепке мемлекеттік аттестаттау жүргізген. Нәтижесінде 5 колледж, 5 балабақша және 3 мектеп алғашқы аттестаттаудан өтсе, 27 колледж бен 35 мектепке департамент тарапынан әдістемелік көмек беріліп, кемшіліктер жойылған.

Бұған дейін Жамбыл облысында ұстаз мектепте тропикалық жемістер өсіретінін жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.