ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің (РФ) ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өткізілді.
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған олимпиаданың қорытынды турына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 75 команда қатысты.
225 оқушы бақ сынасқан халықаралық олимпиадада Жамбыл облысынан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жеңімпаз атанды.
Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей интернатының 10 сынып оқушылары ШАРЕЛ МАРҒҰЛАН мен СЕРІКБАЙ СҰҢҒАТ күміс медаль иеленсе, ТӘҢГІРҚҰЛ ЕРДАУЛЕТ қола медаль иеленіп, облыс атағын асқақтатты.