Есірткіні Қырғызстаннан әкелгені белгілі болды

0 10

31 наурызда Жамбыл облысының НКБ ІІД және «Дельта-Долина» МРОБН қызметкерлері Шу қаласындағы пәтерлердің бірін тінту кезінде есірткі табылған болатын, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA ІІБ сілтеме жасап.

Қолға түскен 48 жастағы ер азамат. Ол  бұған дейін де  осыған ұқсас әрекеттері үшін түрмеге отырып шыққан екен.

Қылмыскердің пәтерін тінту кезінде 3 полиэтиленді қапшық табылса,  есірткі затының жалпы салмағы 3 келіге жуықтайды. Зертханадағы арнайы сараптама  нәтижесіне сай ол есірткінің ең ауыр, әрі қымбат  түрі —  героин екендігі анықталған. Қазіргі таңда, күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Заң талаптарына сәйкес енді ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері тіркелген үшінші осы тектес оқиға болып отыр.

«Осыған дейін дәл осы  бап бойынша істі болғанын ескерсек, тауарды саудалап отырған сенімді адамдары болған. Контрабандалық жолмен Қырғызстаннан тасымалдаған. Оның араласатын ортасы бұрын сотталғандар болғандықтан, нашаны соларға саудалап келген»,- деді облыстық ІІД басқарма басшысы Асхат Әлметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.