Атырау облысында әйел адамды пойыз қағып кетті, зардап шегушінің екі аяғына ампутация жасалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Оқыс оқиға 1 сәуірде темір жолда болды. Әйел адам жұмыс орнында жарақат алды. Істі тергеу әлі басталған жоқ. Біз комиссия құрамын белгілеп, осы жұмысқа жетекшілік ететін еңбек инспекторын тағайындаймыз. Өте аянышты жағдай. Алдағы уақытта арнайы қорытынды жасалады, соған сәйкес кінәлілер анықталады», — деді Атырау облысының бас еңбек инпекторы Игілік Әубәкіров.
Еске сала кетсек, биыл қаңтар айында бойжеткен Атырау-Ақтөбе пойызының астына түсіп кетіп, екі аяғынан айырылған болатын.