Маңғыстау облысындағы елді мекен халқының бастамасын осы ауылдан шыққан кәсіпкерлер де қолдаған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сайтына сілтеме жасап.
Біреуі шатыры мен ағашын әперсе, енді бірі кірпіш қалап жатыр. Осылайша ауылдағы ауызбірліктің арқасында Қызандағы балалар спортын дамыту мәселесі шешімін таппақ. 2 жыл бұрын басталған құрылыстың аяқталуға таяу. Спорт кешені алдағы мамыр айында ел игілігіне беріледі. Мұнда фитнес, күрес, самбо және бокс үйірмелері жұмыс істейтін болады.
Сартбек Үркімбаев, Қызан ауылының тұрғыны:
«Залдың өзі 30 да 16 метр. Бұл енді үлкен құрылыс. Осының ішінен болашақта жастар қай спорт түрінен ашқысы келеді, өздері ары қарай көреді ғой. Біз солардың сұраныстарын қолдан келгенше орындап, осыны іске қосып берсек деген ойымыз, есебіміз бар».