Президент Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді

0 1

Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арнап салынған тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отандық және шетелдік ғылыми мамандарға арналған 180 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы баяндады.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиһаздармен толық жабдықталған жаңа пәтерлер көрсетілді. Үйлерді салуға республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бірінші үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталды. Көпқабатты үйлердің құрылысы толық бітіп, барлық инженерлік желілер тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.