Мойынқұм ауданында  Баспана кілті табыс етілді

0 0

Мойынқұм ауданында  мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан нысандар аз емес.  1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Мойынқұм ауылы, Қажымұқан көшесіндегі 2 пәтерлі төрт тұрғын үйде, 8 отбасыға баспананың кілті берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш шараға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков қатысып, баспана кілтін табыс етіп, ашылу лентасын қиды.Алдымен аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы баспаналы болғалы болған отбасыларды құттықтады.

2018 жылы Қазақстан Республикасыны Үкіметінің тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қабылданған болатын.Осы бағдарлама аясында ауданымызда 2 пәтерлі төрт үй салынып отыр.Соңғы 13 жылда ауданымызда тұрғын үйлер салынбапты.Бұл келер жылы да бағдарлама аясында әрі қарай жалғасын табатын болады.Жаңа қоныстанған үй иелерін баспаналарымен құттықтаймын ,– деді аудан әкімі.

Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков пәтерлі болған азаматтарды құттықтаса, ал Мойынқұм ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұханбетқұл Сабыров баспаналы болған кісілерге батасын берді.

Сондай-ақ баспаналы болған көп балалы ана Гүлмира Омарова өз лебізін білдірді.

Бүгін біз үшін қуанышты күн. Себебі біз осы күнді ұзақ уақыт күттік, баспаналы болып жатырмыз. Қазіргі таңда басты мәселе баспана мәселесі екені жасырын емес. Ал бұл мәселені біз Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы шешіп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ, Ел ағаларына алғысымыз шексіз , дейді Гүлмира Омарова.

Көпшіліктің қуанышын бөлісуге аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Қалымбетов, аудан әкімінің орынбасарлары С.Төлегенов, Ж.Исақов, Е.Әмірханов және тиісті бөлім басшылары мен ауыл ақсақалдары, көше тұрғындары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.