Президенттің сөзі халыққа сенім, жігер сыйлады – Б. Сапарбаев

0 3

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілістің жалпы отырысындағы тапсырмаларын орындау бойынша Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шұғыл жиын өткізіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің қазіргі ең басты міндетіміз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол құқық қорғау органдары бірлесіп жедел, нәтижелі  жұмыс жүргізуі тиіс. Араңдатушылар мен ұйымдастырушылардың бәрін тауып, жазалау керек!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азық-түлік, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, сұйытылған газ, жанар-жағар май, тарифтердің бағасын күнделікті қадағалап отырыңыздар. Жарияланған мораторий сақталу қажет. Қандай да бір бұзушылықтар болса, оған қатаң шаралар қолданылады.

Қоғамдық тәртіп, діни, ұлтаралық мәселелер – басты назарда болуы тиіс,-деді Б. Сапарбаев.

Аймақ басшысы облыстың экономикасын көтерудегі негізгі салалардағы жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударды.

Құрылыстағы біртиптік жобалар үлгісін тиімді пайдаланып, бюджет қаражатын үнемдеуге көңіл бөлудің маңыздылығын жеткізді.

Президент бюджетаралық қатынастарды түбегейлі реформалаудың уақыты жеткендігін айтып, Үкіметке заңнамалық өзгерістер пакетін әзірлеуді, екі айдың ішінде халықтың кірісін арттыру бағдарламасын қабылдауды тапсырды.  Бұл бағдарламаға біз өз ұсыныстарымызды әзірлеп, жолдауымыз керек,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, басқосуда эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлап бара жатқаны да сөз болды. Соңғы тәулікте облыста коронавирустың 46 жағдайы тіркелгенін тілге тиек еткен облыс әкімі  «Pfizer» вакцинасымен қамту және ревакцинация бойынша жұмыстарды күшейту керектігін айтып, тиісті басқарма, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жұмысына артылатын жүктің орасан екеніне тоқталды. Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері ауылдарды аралап, жергілікті халықтармен жиі кездесулер өткізу қажет. Олардың мәселелеріне құлақ түріп, жастар тәрбиесі, қоғамдағы бірлік жайлы түсіндіру, үгіт-насихат шараларын үздіксіз ұйымдастыру маңызды.

Сондай-ақ, сұранысқа сай, экономиканың жаңа салаларына қажетті мамандар даярлау бойынша жұмыс жүргізіңіздер. 

Мемлекет басшысының сөзі мен тапсырмалары халыққа үлкен сенім, жігер сыйлады. Халық қазір билікке үлкен сенім артып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күтіп отыр. Біз сол сенім үдесінен шығып, Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша нақты әрекетке көшу керекпіз. Жүктелген міндеттемелердің жүзеге асуы бойынша жұмыстар күнделік өз бақылауымда болады,деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.