Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2380адам полицияға жеткізілді.
Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардыңнәтижесінде ұсталғандардың 268-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 130 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 19-ына айыппұл салынып, 119-ына ескерту берілген), 45-інеқылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандардан барлығы 150 қару-жарақ тәркіленді. Оның 15-і сооңғы тәулікте табылған. Тәркіленген қару-жарақтардың қатарында 46 «Калашников» автоматы, 13 снайпер-винтовка, 4 «Сайга» карабин, 23 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша,1 гранатомет РПГ, 29 тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 273 адам түрлі дене жарақаттарын алып, қазіргі таңда оның 23-і ауруханаларда жатыр.
15 адам қайтыс болды (2-і ПД және ҰҚКД қызметкері, қалғаны бүлікке қатысушылар).
Бүлікшілерді анықтау, құрықтау бойынша құқық қорғау органдарының (Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, Полиция қызметкерлері) қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу топтары тарапынан арнайы жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 4558 құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилер және 318 арнайы техника (Полиция департаменті – 2025 адам, 131 техника, Ұлттық ұлан – 480 адам, 13 техника, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы – 613 адам, 34 техника, Шекара қызметі – 1440 адам, 140 техника) жұмылдырылды.
7 мемлекеттік нысан (облыс әкімдігі, «Nur Otan» облыстық филиалы және Шу аудандық филиалы, облыстық полиция департаменті, Тараз қалалық 3 полиция бөлімдерінің және Шу аудандық «Nur Otan» филиалының ғимараттары) және 149 қызметтік автокөлік зардап шеккен. 4 бизнес нысанына шығын келген. Алдын ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі 7 млрд. 673 млн. теңгені құрап отыр.
Зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 35 арнайы техника мен 680 жұмысшы жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, облыс аумағының елді-мекендеріне кіріп-шығу бағыттары бойынша 31 блок-бекеттері қойылып (о.і. Тараз қаласында 11 блок-бекет), 653 әскерилер мен полиция қызметкерлері (114 арнайы техника) тарапынан күнделікті кезекшіліктер ұйымдастырылуда.
Төтенше жағдай реижимі сақталуда, енгізілген коменданттық сағат уақыты 23:00-ден 7:00-ге дейінгі аралықты құрайды.