Облыс әкімі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

0 5

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы өңірдегі жағдайдың тұрақталғанындегенмен іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

Жалпы, 4-6 қаңтар күні Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2563 күдікті полицияға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 458-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 51-іне қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 156-ға жетті.

Облыс әкімі қару-жарақтардың есебін жүргізу, азаматтардың өз еркімен тапсыруы, заңсыз айналымнан тәркілеу шараларын жеделдету керектігін баса айтты.

Қазіргі таңда облыс аумағында 28 блок-бекет жұмыс жасауда десек, басқосу барысында олардың санын азайту мәселесі қаралды.

Қайтыс болған азаматтардың отбасыларымен психологиялық жұмыстар жүргізу, мектеп оқушылары және колледж студенттері бойынша түгендеу, ата-аналарының жауапкершілігін арттыру жайы назарға алынды.

Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеген Бердібек Сапарбаев халықтың қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар бақылауда болу керектігін тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.