ІІМ криминалистері дәлелдемелерді жинау және құқық бұзушыларды ұстау бойынша 15 мыңнан астам тергеу әрекетін жүргізді
Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласы ең көп зардап шекті, осыған байланысты, сондай-ақ кәсіпкерлердің өтінішін ескере отырып, ІІМ өңірлік полиция департаменттерінен жедел-тергеу және криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлері қосымша тартылды. Нәтижесінде оқиға болған жерді және зақымдарды тіркеп, сондай-ақ қажетті заттай дәлелдемелерді алып, барлық объектілерді тексеруді қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік туды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта ІІМ криминалистері тәркіленген іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басын анықтау үстінде. Тергеушілер қазірдің өзінде 15 мыңнан астам тергеу әрекеттерін жүргізді, олардың ішінде жәбірленушілерден, куәлардан және күдіктілерден жауап алу, олардың арасындағы бетпе-бет ставкалар, тексерулер, тінту және басқа да шаралар. Тергеу органдарына дәлелдемелер жинауға және құқық бұзушыларды ұстауға жәрдемдесетін азаматтарға ерекше алғыс білдіргім келеді. Мысалы, Алматы облысының елді мекендерінің бірінде тұрғындар ұрланған қарудың 6 бірлігін сату әрекетінің жолын кесті, олар полицияға тапсырылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктілер ұсталды. Олардың Алматы қаласы әуежайының ғимаратындағы сауда нүктелерін тонауға қатысы бар екені анықталды», — деді полицей.