Шу ауданында Наурыз мерекесіне түрік, әзірбайжан, күрд, неміс ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Іс-шараға этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері қатысты. Көрменің әр-бір қатысушысы өздері дайындаған ұлттық тағамдарын ұсынып, дайындалу әдісімен бөлісті. Көрме мақсаты ауданымызда тұрақтылықты сақтауды, бейбітшілік пен келісімді нығайтуды көздейді.